Головкиннiң мексикалық стильдегi жаңа капасы дайын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұның алдында хабарланғанындай, WBA (Super), IBO және WBC (Interim) чемпионы, Қазақстандық кәсiпқой боксшы Геннадий Головкин (32-0, 29 КО) Вилли Монроға (19-1, 6 KO) қарсы өткiзетiн келесi жекпе-жегiнде жаңа капамен шығады.

Оны жасауға The Mouth Piece Guy компаниясы кiрiскен болатын. Бүгiн жаңа капаның фотосуретi интернетте жарияланды, деп хабарлайды GGG ВКонтактедегi ресми тобында.

Головкиннiң капасы мексикалық стильде жасалғанын айта кету керек.

Еске салайық, Головкин мен Монро арасындағы кездесу Лос-Анджелесте 16 мамыр күнi өтедi.