Мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) жекпе-жектен бас тартқан соң, Головкиннің промоутері Том Леффлер (360/GGG Promotions) тәуір қарсылас іздеп жатыр, өйткені жекпе-жек АҚШ-та НВО арнасы арқылы PPV ақылы жүйесі арқылы көрсетіледі.
Бұған дейін Невада штатының Атлетикалық комиссиясы (NSAC) 21 жастағы мексикалық боксшы Хайме Мунгуйя (28-0, 24 КО) кандидатурасына рұқсат бермеген еді.
«Жуық арада қарсыластың есімін жариялаймыз деп ойлаймын. Барлығы да NSAC-тың шешіміне байланысты болып тұр. Альварес басқа амалы болмаған соң жекпе-жектен бас тартты. Қазір Канело жаттығып, реваншқа дайындалып жатыр. Ол да 5 мамырда жекпе-жек өткізгісі келеді», - дейді Леффлер.