«Геннадий былтыр қыркүйектегі алғашқы шоудағы табысы мен 5 мамырда жекпе-жектің болмауына байланысты ақысын әділ түрде алғысы келеді», - деді Леффлер ESPN Deportes-ке берген сұхбатында.
Головкин бокстан түскен қаржыны 50 де 50 етіп бөлуді сұрап отыр. Ал, Golden Boy Promotions оған тек табыстың 35% төлеуге дайын. Осыған байланысты қыркүйектегі екінші айқас туралы боксшы тараптарының келіссөздері тығырыққа тірелді.