«Геннадий айтарын айтты: «Мен тек табыстың әділетті бөлінгенін қалаймын. Яғни, 50-де 50. Мен - чемпионмын» деді. Біз алғашқы айқас алдында біршама кері шегінген болатынбыз. Яғни, пайызымыз аз еді. Головкин өзінің шебер екенін мойындатқан соң да, біз екінші айқас алдында біршама артықшылықтарды берген болатынбыз. Бірақ, «Канело» қандай да бір себеппен ауқымды басымдыққа ие болуы керектігінен таятын емес... Демек, табыстың 65-те 35 пайызда бөлінгенін қалайды. Геннадий болса бұны әділетсіздік деп отыр. Чемпион ретінде 35 пайызды қабылдау - бұл әділ емес», - дейді Леффлер.
Егер тараптар бір мәмілеге келетін болса, Головкиннің «Канеломен» екінші айқасы 15 қыркүйекте - Мексиканың тәуелсіздік күнінде өтуі мүмкін.