Головкиннің промоутері «Канеломен» қарымта кездесуге қалай келіскенін айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Геннадий Головкиннің промоутері Том Лефллер Сауль Альвареспен сәтті аяқталған келіссөздерді қайта есіне түсірді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Мен жекпе-жектің енді өтпейтініне сенімді болдым, себебі біз бір мәмілеге келе алмадық. Сағат 12:00 - дедлайн соғылған уақытта біз Эрик Гомеске хабарластық. Мен оған «Геннадий чемпион болғанына қарамастан 50/50-де шегінді, ал «Канело» PPV-дегі жай-күйі жақсы болса да, үміткер болып отыр» дедім. «Канело» ақтала алмады, алайда GGG оған қосымша бес пайыз беріп, 45%-да тоқтауды ұйғарды. Бірақ уақыт өте келе Головкин дегенінен қайтпай қойып, біз келісімге келе алмадық. Біз Сондерспен, ал Golden boy Джейкобспен жұдырықтасуға дайын болды. Олар өздері бір сағаттан соң қайта хабарласып, Геннадийдің көңілінен шығатындай ұсыныс білдірді. Осылайша, бір мәмілеге келдік. Мен бұл ақшаның қайдан келгенін білмеймін. Бәлкім, Оскар өз қалтасынан шығарған болар. Себебі олар бұл айқаста ақшадан ұтылмайды», - деді Леффлер.