«Головкин - Мурата жекпе-жегі, әлбетте, қызық. Токиоға бару бізді қызықтыруы мүмкін. Онда бұл жекпе-жек ESPN арқылы көрсетілетін шығар. Мұнда Головкин алуы мүмкін белбеу ғана емес, жекпе-жектің өзі де елдің қызығушылығын туғызады. Көптеген БАҚ және жанкүйерлер Геннадий өз белбеулерін қайтаруға ұмтылуы тиіс деп есептейді. Бірақ оның өзі бұл титулдардан артық. Жұрттың қолдауы Головкиннің бәрібір чемпион болуы тиіс екенін білдірді. Геннадийде жақсы мүмкіндіктер бар», - деді Леффлер.
Бірақ Мурата әуелі 20 қазан күні Лас-Вегаста Роб Брантпен (23-1, 16 КО) айқасып, өз титулын қорғауы тиіс.