Бұл жолы ақпан айындағыдай басты кездесуге тайландық боксшы Срисакет Сор Рунгвисаи (45-4-1, 40 КО) мен мексикалық Хуан Франсиско Эстрада (36-3, 25 КО) шығады. Олардың бірінші кездесуінде төрешілердің басым дауыс беруімен тайландық боксшы жеңіске жеткен болатын. Осылайша ол ең жеңіл салмақтағы WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы белдігін қорғап қалды.
«Оңтүстік Калифорния өкілдері бұл кездесуді асыға күтуде. Сол себепті біз бокс кешін осы жерде, Лос-Анджелесте өткіземіз. Бұл жекпе-жекті мұнда барлығы көргілері келеді. Алғашқы кездесу «Жылдың үздік жекпе-жегі» атағына басты үміткерлердің бірі болатын. Осыған қарай барлығы да осы спортшылардың алаңға шыққанын күтіп отыр»,-деді Леффлер.