«Ли Головкинмен жұдырықтасуға келісім берген санаулы орта салмақтардың бірі. Алайда Геннадийдің әкесі қайтыс болып, жекпе-жек болмады. Бірақ, Эндиді осы үшін қатты құрметтейміз», - деді Леффлер.
Сонымен бірге, промоутер 18 наурыз күні Головкин мен Ли жеңіске жеткен жағдайда, жекпе-жек болуы мүмкін екенін айтты.
Еске сала кетсек, Энди Ли Головкин - Джейкобс бокс кешінің андеркарды аясында рингке шығады. Оның қарсыласы америкалық Кеандре Лезервуд болмақ.