Журналист Леффлерден мұндай айқас ұйымдастырылған жағдайда қаржы жағының қандай мөлшерде болу ықтималдығын сұрастырды, деп жазады Sports.kz.
«Бізде реванштан түсетін табыстың пайызы туралы әзірге ешқандай нақты шешім жоқ.
Бұл Головкин мен «Канелоға» байланысты, бірақ олар алғашқы айқастан рекордтық гонорар алды. Яғни екінші жекпе-жекті мұндай сәтті қадамнан соң ұйымдастыру жеңіл болады. Фанаттардың сұранысына және алғашқы кездесудің қорытындысына қарағанда, реванш одан да үлкен оқиға болады»,- деп атап өтті Леффлер.