Головкиннің салмағы Джейкобстан жеңіл болып шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBC  ережесі бойынша айқасқа 30 күн қалғанда қазақстандық Геннадий Головкин мен американдық  Дэниэл Джейкобс салмақ өлшеуден өтті, деп хабарлайды Sports.kz GGG ВКонтакте ресми тобына сілтеме жасап.    

Головкиннің салмағы 165,1 фунт (74.3 кг), ал Джейкобс 174,8 фунт (78.7 кг) болды.

Еске сала кетсек, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.