Бұл туралы бүгін «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанқызы мәлім етті.
«11 қыркүйек күні таңға жақын басталған қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен британдық Келл Брук арасындағы жекпе-жек «Қазақстан» телеарнасы үшін 2016 жылдың ең рейтингті трансляциясына айналды»,-дейді Н.Мұхамеджанқызы.
Айта кетейік, осы жылдың ең қызық жекпе-жектерінің бірі - Головкин мен Брук арасындағы жекпе-жек 11 қыркүйек күні сағат 03.30-да басталып, Головкинннің жеңісімен аяқталған болатын. Осылайша, Геннадий Головкин IBO титулын 14-ші рет, IBF титулын екінші рет, WBC титулын алғаш рет қорғады. Бұл жекпе-жегіндегі жеңісі үшін Головкин 3 млн фунт немесе 4 млн доллар гонорар алды.
Ал, Н.Мұхамеджанованың айтуынша, 6-22 тамыз аралығында «Қазақстан» және «Қазспорт» телеарналары 218 трансляция жүргізген екен. Трансляциялардың жалпы хронометражы 432 сағатты құраған.