Головкиннің спорттық жолындағы үздік жеңісі аталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxrec.com сайтында пайдаланушыларға қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) үздік жеңісін таңдауға дауыс беру аяқталды, деп хабарлады Sports.kz.

Головкиннің    британдық  Келл Брукке (36-1, 25 КО) қарсы айқасына  32% оқырман дауыс берген. Одан кейін GGG-ның   канадалық боксшы Давид  Лемьемен (36-3, 32 КО) жекпе-жегі, ол  21% дауыс жинады. Үшінші орында  британдық Мартин  Мюрреймен (34-4-1, 16 КО) кездесуі.

  Головкин 18 наурызда  Нью-Йоркте   Madison Square Garden аренасында келесі жекпе-жегін өткізеді деп күтілуде. Оның  қарсыласы - америкалық бокшы Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО).