Бұл туралы RingPolska берген сұхбатында Шереметтің промоутері айтты. Әуелде жекпе-жек 8 ақпанға жоспарланып, осы айдың 29-ы күні GGG оралуы керек еді. Дегенмен, кейінірек бұл күні, яғни 29 ақпанда төрт салмақ дәрежесі бойынша экс-чемпион, жақында ғана Эдди Хирнның Matchroom Boxing компаниясы мен DAZN стримингті платформасымен келісімшарт жасаған Майки Гарсияның дебют жасайтыны белгілі болды.
Естеріңізге сала кетейік, Головкин 5 қазанда жеңіп алған IBF титулын Шереметпен өтетін жекпе-жекте алғаш рет қорғайды.