Головкиннің ұстазы Елеусіновтің бокстасу мәнері туралы айтты
17:24, 07 Маусым 2018
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегінде венгриялық Золтан Шабоны ұпай санымен жеңді. Мұндай қарсыластарды ұпай санымен жеңудің қажеті бар-жоғы туралы әуесқой бокста Геннадий Головкинді жаттықтырған Ғалым Кенжебаев айтып берді, деп хабарлайды Sports.kz.
«Елеусінов нокаутшы емес. Кәсіпқой бокста боксшының біліктілік деңгейі басты рөл атқарады. Данияр жекпе-жекті көбінесе ойнақы мәнермен өткізеді. Венгер боксшысымен айқаста оның жоғары шеберлігі мен біліктілік деңгейі айқын байқалды», - деді ол.