Головкиннің ықтимал қарсыласы Альварес асыра бағаланған - Хулио Сезар Чавес
01:03, 05 Сәуір 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы кіші Хулио Сезар Чавестің пікірінше, оның отандасы Сауль Альварес асыра бағаланған, деп хабарлайды Sports.kz.
Чавестің мәлімдеуінше, Лиам Смит оған әлсіз қарсылас болған. Естеріңізде болса, Альварес Смиттен бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы титулын тартып алған.
«Альварес ештеңе істемеді. Смит өз дивизионындағы әлсіз чемпион еді. Біздің айқас басқаша болады. Альваресте Флойд Мэйвезер немесе Мэнни Пакьяо иемденген титулдардың жартысы да жоқ. Мен айқасқа жақсы дайындалдым, мен жеңемін», - деп келтіреді Чавестің сөзін BoxingScene.