Бұл тізімдегі алғашқы орынды қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен (36-0, 33 КО) мексикалық Сауль Альварес «Канеломен» (48-1-1, 34 КО) болуы ықтимал кездесу алып отыр. Еске сала кетсек, боксшылардың промоутерлері Том Лёффлер мен Оскар де ла Хойя 2017 жылдың қыркүйек айында кездесу өткізу туралы ауызша уағдаласты.
Сонымен бірге, бұл тізімге төрт қарымта кездесу енді, әзірге оның біреуі - мексикалық Санта Крустың (32-1-1, 18 КО) британдық Карл Фрэмптонмен (23-0, 14 КО) айқасы ғана бекітілген.
Өзге де болуы мүмкін кездесулер:
Кіші Флойд Мэйвезер (49-0, 26 КО) - Мэнни Пакьяо (59-6-2, 38 КО)
Роман Гонсалес (46-0, 38 КО) - Карлос Куадрас (35-1-1, 27 КО)
Андре Уорд (31-0, 15 КО) - Сергей Ковалёв (30-1-1, 26 КО).