Головкиннің жаңа бапкері жаттығуға енгізілген өзгерістер туралы айтты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Геннадий Головкиннің жаңа жаттықтырушысы Джонатон Бэнкс боксшының стилін өзгертуге арналған бірқатар жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Sports.kz.

Бэнкске дейін Головкин тоғыз жыл Абель Санчеспен бірлесіп жұмыс істеді. 8 маусым күні Нью-Йоркте өтетін Стив Роллспен жекпе-жек 36 жастағы америкалықтың GGG-дің жаттықтырушысы ретіндегі алғашқа айқасы болмақ.

«Қазір біз оның рингтегі белсенділігі үшін жұмыс жасап жатырмыз. Дәл қазіргі уақытта бұл біздің негізгі мақсатымыз. Көбірек соққы беріп, қарсыласты шаршату керек. Бір шабуылға ғана емес, қатарынан бірнеше соққыға күш салса, қарсыластың шаршы алаңда демалуына уақыт қалмайды. Раундар арасындағы үзіліс қана оның тыныстап алуына мүмкіндік береді. Осылайша қарсыласыңыздың рингте өзін қолайсыз сезінуіне жол ашасыз», - деді Джонатон Бэнкс Fighthub TV-ге берген сұхбатында.

Соңғы жаңалықтар