AsianMMA.com басылымының жазуынша, жекпе-жек Азиядағы тұрғындар үшін ыңғайлы уақытта өткізіледі.
«Жекпе-жек жергілікті уақыт бойынша түстен кейін өткізілуі мүмкін, сондықтан оны кешкі уақытта АҚШ-та трансляциялауға болады», - деп жазылған хабарламада.
Елорда мен Токио арасындағы уақыттың үш сағат айырмасын есепке ала отырып, Головкин-Мурата бокс шоуы сәрсенбі, 29 желтоқсанда кешке қарай басталуы мүмкін.