«Gennady Golovkin: Training Motivation» атты видеода қазақстандық боксшының Биг Беар лагерінде (АҚШ, Калифорния штаты) түрлі машықтану жаттығуларын орындап жатқан сәттері көрсетілген.
Айта кетейік, Головкин-Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. Қазірдің өзінде барлық билеттер сатылып кеткен. Уақыт айырмашылығына байланысты аталған жекпе-жек Қазақстанда 17 қыркүйек күні таңертең көрсетіледі.