Порталдың мәліметіне сәйкес, GGG-дің жеңісіне сенетін фанаттардың саны азайып келеді. Себебі алғашқы сауалнамада жанкүйерлердің 80 пайызы Геннадий Головкинге, ал қалған 20 пайызы Сауль Альвареске дауыс берсе, ағымдағы жылдың басында аталған көрсеткіш 60/40 болып өзгерді. Соңғы сауалнама бойынша Головкиннің жеңісіне сенетіндер 57 пайызға дейін төмендеді. "Канелоға" фанаттардың 43 пайызы дауыс берген.
Айта кетейік, Головкин-Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. Қазірдің өзінде барлық билеттер сатылып кеткен. Уақыт айырмашылығына байланысты аталған жекпе-жек Қазақстанда 17 қыркүйек күні таңертең көрсетіледі.