Гомель циркінде гимнаст қыз биіктіктен құлап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Беларусьтегі Гомель циркінде гимнаст қыз жоғарыдан құлап кетті, деп хабарлайды БЕЛТА.

Оқыс оқиғаны көргендер әлеуметтік желіде  қыздың ауруханаға жеткізілгендігін жазған.

9 қабатты ғимараттың биіктігінде акробаттар адам таңқаларлық трюктер орындап жатқан.

Гимнаст қыз қолын қанатша жайып бір акробаттан екіншісіне барған сәтте оқыс оқиға болды. Оны гимнаст ұстап үлгерген, бірақ қыз қолынан сырғып кетіп,  соншама биіктен сақтандыру торының сыртына құлаған. Ол. БЕЛТА тілшісіне цирктен хабарлағандай, ауруханаға жатқызылған қыздың еш жері сынбаған көрінеді, тек денесін көгертіп алған.