АСТАНА. 2 қаңтар. ҚазАқпарат - Қақпашы Карри Рамо, қорғаушы Сергей Гончар және шабуылшы Евгений Малкин желтоқсан айында Құрлықаралық хоккей лигасының үздік ойыншылары атанды,
деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.
Омбының «Авангард» командасының қақпашысы Карри Рамо 7 ойынның үшеуінде қақпасына шайба кіргізбей жалпы бағытталған шайбалардың 95,72 пайызын кері қайтарған. Ал «Металлург» командасының қорғаушысы Сергей Гончар 9 ойында 1 гол соғып, қақпаға соғылған 10 шайбаны жеткізіп берген. Ал «Магнитканың» шабуылшысы Евгений Малкин 9 ойында 25 ұпай жинаған.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.