Қаза тапқандардың ішінде 6 бала болғаны анықталды. Үшеуі Сан-Педро-Сула қаласының ауруханасында көз жұмды. Жапа шеккендерді қауіпсіз жерге шығару үшін тікұшақ пайдаланылды.
Нұсқалардың біріне сәйкес, жүріп бара жатқан автобус аударылып, өрт сөндіру көлігіне соғылған. Ал өзге мәліметтерге қарағанда, автобус жүргізушісі белгісіз бір себептермен көлікті басқара алмай қалған. Құзырлы орган оқиғаның анық-қанығын анықтауға кірісті, деп хабарлады ТАСС.