Гонконгтан басқа адамдар жиі келетін қалалардың ондығында Бангкок (23 млн адам), Лондон (19,8 млн адам), сондай-ақ Сингапур, Макао, Дубай, Париж, Нью-Йорк, Шэньчжэнь мен Куала-Лумпур бар.
Euromonitor International - өнімдер мен қызмет көрсетулерге талдаулар мен зерттеулер жүргізетін британдық аналитикалық компания. Ең танымал қалалардың рейтингі жыл сайын әлемдегі 100 қаланың соңғы он жыл ішіндегі деректері негізінде жасалынады. EI сарапшылары қандай да бір қалада 24 сағаттан астам уақыт өткізген туристер дерегін есепке алады.