Әдіс қандағы ДНҚ мөлшерін талдауды қамтитын фрагментомикаға негізделген. CUHK профессоры Аллен Чен Цзюньцы қатерлі ісік жасушалары бөлетін молекулалар сау тіндердің ДНҚ-сынан айтарлықтай қысқа екенін түсіндірді. Бұл айырмашылық ауруды жоғары дәлжікпен анықтауға мүмкіндік береді.
Тест жүйесі бастапқыда бауыр мен қуық асты безінің қатерлі ісігін анықтауға арналған. Оның дәлдігі 80-90% аралығында бағаланып отыр. Авторлар талдауды табысы төмен аймақтарға қолжетімді етуді мақсат етңп, оның құнын бастапқы 255 доллардан айтарлықтай төмендетуді жоспарлап отыр.
Бұл топ бұған дейін Даун синдромын анықтау үшін пренатальды тестілеуді енгізген болатын, ол қазір бүкіл әлемде қолданылады. Олардың тағы бір әзірлемесі — мұрын-жұтқыншақ қатерлі ісігін анықтау үшін 97% дәлдікпен тестілеу Гонконгтағы барлық мемлекеттік ауруханаларда екі жылдан бері қолданылып келеді.
Осыған дейін Алматыда онкологиялық ауруларды ерте анықтау жұмыстары күшейтіліп жатқанын жаздық.
Ал елдегі балалар онкологиясында заманауи емдеу әдістері енгізіліп жатыр.