Бұл туралы Need To Know (NTK) басылымы хабарлады, деп жазады Report.
Сы Сюань байқауға Қытайдың Шэньчжэнь қаласы атынан қатысқанымен, Гонконг университетінде лингвистика факультетінде оқыған. Алайда, Woman of the Universe титулын иеленгеннен кейін екі аптадан соң ол тұтқындалды.
Тергеу барысында белгілі болғандай, Сы Сюань университет әкімшілігін және Гонконгтың көші-қон басқармасын алдап, өз құжаттарында Нью-Йорктегі Колумбия университетінде үздік оқығанын көрсеткен.
Бұған қоса, ол университетке түсу үшін делдал арқылы 370 мың юань көлемінде ақша төлегені үшін де айыпталып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Гонконг АҚШ-қа тауар жөнелтуін тоқтатқанын жаздық.