Гонконг көшелерінің бірінде автокөліктер соқтығысып, оның біреуінің ішінде жатқан ақшалар сыртқа шашылған. Оқиға орнында болған адамдар жапатармағай банкноттарға бас салып, жалпы сомасы 4,5 млн АҚШ долларын қолды еткен. Кейін жол апаты болған жерге полицейлер жетіп, бассыздықты тоқтатты. Құқық қорғау органдары өкілдері тұрғындарға бұл әрекет ауыр қылмыс ретінде бағаланып, ол үшін қатаң жаза қарастырылатынын ескертіп, ақшаны қайтаруды бұйырған, деп хабарлайды 24.kz .