Гонконг жергілікті ауруханаларға құрлықтағы Қытайдан келетін жүкті әйелдерді қабылдауға тыйым салды

БЕЙЖІҢ. 5 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Гонконг жергілікті қоғамдық ауруханалардың дәрігерлердің қабылдауына сырттан келген жүкті әйелдерді жазуға тыйым салды, деп хабарлады Сянганның азық-түлік және денсаулық сақтау істері жөніндегі басқармасынан.

Бұл жаңалық соңғы жылдары Сянганда елдің құрлықтағы бөлігінен келген әйелдердің бала туу оқиғаларының өсу үрдісімен байланысты қолға алынып отыр. Статистикалық мәліметтер бойынша, егер 2004 жылы әйелдер Сянганда 13 мың баланы дүниеге әкелсе, 2010 жылы бұл көрсеткіш 40 мыңнан асқан.

Сянган арнайы әкімшілік өлкесінің заңы бойынша, Мянганда дүниеге келген бала автоматты түрде Мянганның тұрақты тұрғыны болып саналады. Осыны арқа тұтқан көптеген әйелдер бала туу үшін құрлықтан Сянганға ағылады. Өлке әкімшілігінің статистикасы бойынша, 2010 жылы Сянганда 88 мыңға жуық бала дүниеге келген, оның 41 мыңнан астамын құрлықтағы Қытайдан келген әйелдер туған.