China Daily атап өткендей, оқиға жұма күні күннің екінші жартысында болған. Бейнебақылау камералары түсірген жазбаны қарағанда дүкенге ер адам мен үш әйел, соның ішінде 12-14 жастағы қыз кіргені анықталған. Жанұя ретінде келгенде зергерлік бұйым таңдап жатқандай болғанда, қыз сатушының орнына келіп, қымбат алқа тұрған сөренің кілтін алып, асыл затты қолды еткен. Бұл үшін кішкентай қызға 120 секунд уақыт қана керек болған екен. Кейін ол дүкеннен шығып, таксимен кеткен, деп жазды газет.
Сыбайластары болса 40 минуттан кейін дүкеннен шыққан. Содан кейін ғана сатушылар асыл заттың жоғалғанын байқап, полиция шақыртады. Ұрлық фактісі бойынша тергеу басталды.