Гонконгта аса сирек кездесетін көгілдір түсті гауһар тас 32 миллион долларға сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гонконгтағы ьәссаудада ең ірі және ең сирек кездесетін көгілдір гауһар тастардың бірі сатылды. Салмағы 10 карат тастың құны 32 миллион доллардан асты - бұл бастапқы бағасынан бір жарым есе көп болды.

Асыл тас ақ алтыннан жасалған сақинаға салынып, екі жағынан көлемі кішірек екі гауһар таспен көмкерілген.

Бұл гауһар тастың таныстырылымы алғаш рет 2000 жылы Лондонда өткен. Ол кезде бұл тас тіпті ұрлана жаздаған еді.