Гонконг валюта басқармасының баспасөз хабарламасына сүйенсек, Қырғызстан банкіне кемінде 500 000 Гонконг доллары (63 776 АҚШ доллары) көлеміндегі депозиттерді қабылдауға және корпоративтік және инвестициялық банк операцияларын жүргізуге рұқсат берілген. Рұқсат қағазы 5 қазанда күшіне енді.
Қырғызстан банкі Гонконгта шектеулі банк лицензиясын алған 17-ші қаржы мекемесі болды. Бұрынырақта осындай құжат Бельгия, Ұлыбритания, Индонезия, Нидерланды, Таиланд және Оңтүстік Корея банктеріне берілген.
Қырғызстан қаржы мекемесінің мәлімдемесінде бұл Орталық Азия мен Азияның ең ірі нарықтары арасында жаңа қаржылық көпір құру мүмкіндігін білдіретіні айтылған.
Бұған дейін Қазақстан мен Гонконг инвестициялық жобаларды құқықтық сүйемелдеуді күшейтетінін хабарлаған болатынбыз.