Гонконгта жаңа туған сәбидің ішінде егіз бала бары анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гонконгта жаңа туған қыз екі бауырына аяғы ауыр болған. Өте сирек кездесетін бұл жағдай жайлы Live Science хабарлады, деп жазды lenta.ru.

Ұрық ішіндегі ұрық орташа алғанда жарты миллион жүкті әйелде кездесуі мүмкін. Оның себептері дәрігерлер мен ғалымдар арасында дау тудыруда. Дүниежүзілік денсаулық ұйымы жаңа туған сәби ішіндегі ұрықты тератома (ісіктің түрі) деп есептейді, бірақ Гонконг дәрігерлері науқастың ағзасында егіздердің екі ұрығы табылғанын айтады. Олар бастапқыда сау болған, алайда жүктілік кезінде белгісіз бір себептермен әпкелерінің денесіне енген. Жаңа туған қыз гинеколог-дәрігерлердің қатаң бақылауына алынды. Үш апталық қызға ота жасалып, бауыр мен бүйрегі арасында екі ұрық анықталды. Біреуінің салмағы 9,3 грамм, екіншісінікі - 14,2 грамм болған. Заманауи медицина тарихында ұрық ішіндегі ұрықтың 200 оқиғасы тіркелген.