Гонконгте биік үйден өрт шығып 500 адам эвакуацияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гонконгте тұрғын үй өртеніп, 500 адам қауіпсіз жерге көшірілді, алты адам зардап шекті. Бұл туралы гонконгтық South China Morning Post газеті хабарлады.

Басылымда, жергілікті уақыт бойынша сағат 4.30-да 35 қабатты ғимараттың 23 қабатында өрт шыққандығы жазылған.

Тілсіз жау 80 метр биіктікке жалындаға, деп атап өтіледі хабарламада. Өрт сөндірушілер үш сағатта жалынның таралуын тоқтатқан.

Қазір өрттің шығуының себептері анықталуда.