Гонконгте «Диснейленд» кеңселік ғимараттарының бірінен жүздеген адам эвакуацияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХР арнайы әкімшілік ауданы Гонконгте күдікті заттан 'Диснейленд' паркінің жүздеген қызметкері эвакуацияланды, деп хабарлады РИА Новости Қытайдың орталық телевидениесіне (CCTV) сілтеме жасап.

South China Morning Post газетінің хабарлауынша, паркке тиесілі кеңселік ғимараттардың біріне күдікті сәлемдеме келіп, жүздеген қызметкер эвакуацияланды.

Сәлемдемені рентген сәулесі арқылы тексергенде батарея мен сымдар анықталып, қызметкерлер полицияға хабарласқан. Қызметтік ит сәлемдемені тексеріп, қауіпті заттың бар екенін растаған.

Осылан кейін, басылымның жазуынша, оқиға орнына саперлер келді. Бұл оқиға ойын-сауық паркінің жұмысына еш кедергі келтірген жоқ.

 Жергілікті RTHK радиосының деректеріне сәйкес, сәлемдеме парктің басқарушы директорына келген.