Гонконгте қызғылт гауһар тас 32 млн долларға сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өте сирек кездесетін, салмағы 14,93 карат қызғылт гауһар тас Гонконгтегі бәссаудада 49,85 млн гонконг долларына ($32,163 млн) сатылды, деп хабарлайды ТАСС .

Christie's аукцион үйінің сауда-саттығын  ұйымдастырушылардың айтуынша, ол әлемдегі осы тәріздес асыл тастардың ішіндегі бір караттың құнын есептегенде ең қымбаты болған.