Гонконг ғылым және технология университетінің профессор Цю Цзишэнь бастаған ғалымдар тобы мен Гонконг политехникалық университетінің ғалымдары жасаған материал Жерден құрылыс материалдарын қымбатқа тасымалдауды және Марс топырағын өңдеуге көп энергия жұмсауды қажет етпейді.
Зерттеушілердің айтуынша, бұл энергияны аз қажет ететін композит Марс жағдайында 3D басып шығаруға әбден қолайлы. Сынақ барысында оның оңтайландырылған құрамы 12 мегапаскальға жуық қысу беріктігін көрсетті, бұл Жердегі стандартты құрылыс материалдарының сипаттамасына толық сәйкес келеді.
— Егер Марстағы метан, көмірқышқыл газы мен мұз күйіндегі суды органикалық желатинге немесе қоректік заттарға айналдыру мүмкін болса, онда Жерден жеткізілетін жүкке тәуелділік теориялық тұрғыдан нөлге дейін төмендейді, — деді Цю Цзишэнь.
Мұндай биоматериалдың бір текше метрін өндіруге күн панелінің бір сағаттан аз уақыт жұмыс істеуі жеткілікті, ал Марс топырағынан кірпіштерді термиялық әдіспен күйдіріп шығаруға бірнеше күнге дейін уақыт кетуі мүмкін.
Жаңа материалды бірнеше рет қайта өңдеуге болады. Оны Жерде де, мысалы, Антарктидадағы зерттеу станцияларын салуға пайдалануға мүмкіндік бар.
Бұған дейін Қытайдың Марстан әкелінетін топырақты зерттейтін арнайы зертхана тұрғызатыны хабарланған болатын.