Гонконгте суық ауа райынан 100-ден астам адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының күрт суытуына байланысты 111 адам зардап шекті, деп жазады жергілікті басылымдар.

45 адам ауруханаға жеткізілген, арасында үсік шалғандар да бар. Қалғандары ЖКО салдарынан және көктайғақта құлап жарақат алғандар.

Гонконгте орташа температура 3,3 градусқа төмендеген, бұл елде соңғы 60 жылдан бері болмаған суық ауа райы.

Жолдағы жағдайдың нашарлауына байланысты көп адамдар көліктерінде қалып қойды.

Дүйсенбі күні ауа райының суытуына байланысты Гонконгте мектептер мен балабақшалар жұмыс істемейді.