АСТАНА . 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Америкалық Google корпорациясы жоғары технологиялық термостаттар мен өрт сөндіру дабылдарын өндіруші Nest Labs компаниясын 3,2 млрд. АҚШ долларына сатып алмақ.
Nest компаниясының негізін Apple-нің бұрынғы инженерлері қалаған болатын.
Бұл - Google-нің ұялы телефон өндіруші Motorola компаниясын сатып алғаннан бергі ең ірі келісімшарты.
Өткен жылы Google әскери роботтарды шығаратын Boston Dynamics және адам қимылдарын тануға қауқарлы технологиялармен айналысатын Flutter компаниясын сатып алған еді.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.