Бизнеспен байланысты мамандықтарда оқыған түлектер үшін тартымдылығы жөнінен көшбасшылар үштігіне EY аудиторы (бұрынғы Ernst & Young) және Goldman Sachs инвестициялық банкі кірді. Инженерлік мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарын бітіргендер арасында екінші және үшінші орындарға тиісінше Microsoft және IBM ие болды.
Бизнес санатындағы ондыққа аудиторлық компаниялар көбірек кірген. «Үлкен төрттіктің» барлық фирмалары - EY, KPMG, PricewaterhouseCoopers және Deloitte осы ондық қатарында. Олардан басқа онда Apple, Microsoft, Coca-Cola және Procter & Gamble орналасқан.
Ал инженерлік санатта көшбасшылар қатарында Apple, BMW, Sony, General Electric, Siemens және Intel фирмалары бар.
Universum зерттеулері әлемнің ірі 12 жоғары оқу орындарының студенттері сауалдамаларының негізінде жасалған. Олардың ішінде АҚШ, Қытай, Жапония, Германия, Бразилия, Ресей, Ұлыбритания, Франция, Италия, Канада және Австралия елдері бар. Фирма 200 мыңға жуық студенттермен сауалдама жүргізген.