Google компаниясы 2014 жылы бәсекелесі Apple құрылғысында шартты іздеуші боп қалу құқығы үшін 1 млрд доллар төлеген, деп хабарлады Bloomberg агенттігі. Бұл сома Oracle Corp. компаниясының авторлық құқығын қорғау туралы арызы бойынша өткен сот отырысының стенограммасында жарияланды.
Google-дің іздеу жүйесі үшін Apple компаниясына қомақты қаржы төлегені туралы қауесет бірнеше жылдан бері айтылып жүр. Алайда компания мұны құпия ұстап келген еді.
Сотта жария етілген мәміле туралы Apple және Google өкілдері журналистерге түсінік беруден бас тартты.