АСТАНА. 15 маусым. ҚазАқпарат - Google компаниясында Project Loon жобасы аясында алғашқы сынақтар басталды. Инженерлердің жоспарына сәйкес, егер де сынақ сәтті өткен жағдайда, онда интернет аэростаттар арқылы қолжетімді болмақ. Бұл туралы шетелдік БАҚ-тар хабарлады.
Атап айтқанда, бұл шара интернетке қосылуға қауқарсыз әлемнің түкпір-түкпірінде сымсыз желіні қамтамасыз ету бағытында іске асырылуда.
Сенбі күні Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласы маңында әуеге гель толтырылған 30 шар ұшырылды. Осы орайда Крайстчерчтің әр аудандарынан сынақ үшін іріктелінген 50 қатысушы үйлерінде орнатылған арнайы антенналар арқылы интернетке ойдағыдай қосылған екен.
Жақында бұндай сынақтар Австралия мен Аргентинада жүргізілмек.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.