Бұл келісімдерге сәйкес, аталған байланыс операторлары өз құрылғыларына тек Google іздеу жүйесін орнатып, басқа іздеу жүйелерін орнатуға тыйым салған. Оның орнына операторлар Google-дің жарнамалық кірісінен үлес алып отырған.
Алайда, Австралия заңнамасы мұндай тәжірибені тікелей тыйым салады. Елдің Бәсекелестікті қорғау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комиссиясы (ACCC) өз мәлімдемесінде былай деп атап өтті:
— Бәсекелестікті шектеу әдетте тұтынушылар үшін таңдаудың азаюына, бағаның өсуіне және қызмет көрсету сапасының нашарлауына әкеледі, — делінген хабарламада.
Google бұл уәждермен келісе отырып, айыппұл төлеуге және Android смартфондарының өндірушілері мен байланыс операторларымен жасасқан келісімшарттарынан іздеу жүйелерін алдын ала орнатуға қатысты кейбір шектеулерді алып тастауға міндеттенді.
Telstra, Optus және олардың бәсекелесі TPG өткен жылы осындай келісімдерді енді қайтып жасамауға және ұзартпауға сот алдында міндеттеме алған.
Еске сала кетейік, бұған дейін киберқауіпсіздікке арналған ақпараттық сайттың хабарлауынша, Apple, Facebook, Google, Telegram және кейбір мемлекеттік қызметтердегі аккаунттарға кіруге мүмкіндік беретін әлем бойынша шамамен 16 миллиард пайдаланушы дерегі бұзылып, бұл тарихтағы ең ірі «дерек ағуы» оқиғасына айналған еді.