Google бір түнде Disney құнына парапар шығынға ұшырады

Google-дың бас компаниясы Alphabet кірісі туралы есеп бергені сол еді, оның акциялары бірден 9,5%-ға төмендеді, деп хабарлайды Кazinform бұл туралы Еuronews арнасына сілтеме жасап.

Фото: pixabay.com.

Dow Jones келтірген мәліметке сүйенсек, Alphabet Inc акцияларының ауқымды сатылымы бір түнде 166 миллиард доллардан (157 миллиард еуро) астам шығын әкелді.

Бұл Nike (157,58 млрд. доллар) немесе Disney-дің (147,46 млрд. доллар) бүкіл капиталынан артық шығын.

Бұл америкалық алпауыт компания үшін есеп жүргізу тарихындағы бір күн ішіндегі бесінші ең жоғары рекордтық төмендеу.