Компания басшысы оған жеке жауап қайтарды, деп хабарлады Business Insider.
Қыз роботтарды жақсы көретінін, жүзумен айналысатынын, ұстаздары мақтайтынын, келешекте корпорацияға жұмысқа тұрғысы келетінін жазған.
Біраз уақыттан кейін оған Google бас директоры Сундар Пичаидан жауап келді. Ол Хлояға хат жазғаны үшін алғыс білдірген. «Саған компьютер, роботтар ұнайтынына қуаныштымын, технологияны зерделеуді жалғастыра бересің деген үміттемін», - деп жазды Пичаи. «Егер күш-жігеріңмен еңбек етіп, арманыңа ұмтылсаң, Google-де ғана жетістікке жетіп қоймай, Олимпиада ойындарын да еңсересің»,- деп қосты ол.
«Мектепті аяқтағаннан кейін жұмысқа қабылдау туралы өтінішіңді аламын деп үміттенемін!», - деп сөзін түйіндеді Пичаи.