Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, көпжылдық зерттеулерден кейін Suncatcher жобасы орбитадағы алғашқы сынаққа дайын. Оның барысында Google-дың Tensor Processing Unit (TPU) процессорлары орбитада сыналады.
Жобаның негізгі мақсаты — жасанды интеллект инфрақұрылымы орнатылған спутниктерді Жерге жақын орбитаға шығару. Компанияның алдын ала бағалауынша, ғарыштағы аппараттар Жер бетіндегілерге қарағанда 8 есе көп энергия өндіре алады.
TPU процессорлары орнатылған алғашқы спутник 2026 жылғы 1 қазанда ұшырылады. Оны SpaceX компаниясымен бірлесіп Planet әзірлеген Transporter-18 ғарыш аппараты орбитаға жеткізеді.
Бұған дейін Google Earth Жердің үстімен ұшуға арналған тегін авиасимуляторды іске қосты.