Масалар жер бетіндегі ең қауіпті жәндіктердің бірі. Әртүрлі бағалауларға сәйкес, олар жыл сайын безгек, денге безгегі, сары безгек, Зика вирусы және басқа да ауруларды тарату арқылы 700 мыңнан 1 миллионға дейін адамның өліміне себеп болады.
Осы қауіппен күресу үшін Google «Debug» жобасын дамытып жатыр. Жобаның мақсаты — табиғатқа арнайы дайындалған аталық масаларды жіберу.
Компания АҚШ билігінен Калифорния мен Флорида штаттарында екі жыл ішінде 64 миллионға дейін маса жіберуге рұқсат сұрады.
Жоба сайтында ғалымдар «зиянды» масалардың санын «пайдалы» масалар есебінен азайтуды көздейтіні айтылған. Мұнда арнайы Wolbachia бактериясын жұқтырған аталық масалар туралы айталыда. Бұл бактерия олардың жабайы аналықтармен шағылысқан кезде өміршең ұрпақ бере алмауына әкеледі. Аналық маса жұмыртқа салғанымен, дернәсілдер дамымайды, нәтижесінде популяция біртіндеп азаяды.
Мамандар тек аналық масалар адамдарды шағатынын еске салады, себебі олар жұмыртқаны дамыту үшін қанмен қоректенеді.
Google бұл технология генетикалық модификацияға жатпайтынын және химиялық инсектицидтер қолданылмайтынын атап өтті. Сондықтан бұл әдіс қоршаған орта үшін қауіпсіздеу.
Компания сондай-ақ бұл масаларды жоспарлау мен бақылауға арналған бағдарламалық жүйелерді дамытып жатыр. Бұл қанша маса қажет екенін және оларды қай аймақтарға жіберу тиімді екенін анықтауға көмектеседі.
Ұқсас бағдарламалар бұрын да бірнеше елде қолданылған. Мысалы, Кипрде 2023 жылы аптасына 100 мыңнан стерильді маса қоршаған ортаға жіберіліп отырған. Осындай жобалар Куба мен Қытайда да жүргізілген. Кей жағдайларда масаларды залалалсыздандыру үшін сәулелендіру әдісі қолданылған.
Айта кетейік, елордада маса, шыбын-шіркей және өзге де жәндіктерге қарсы ауқымды дезинсекциялық жұмыстардың бірінші кезеңінде 8600 гектар су айдыны өңделді.