Google бұрыннан өзінің өнімінің осал тұстарын табу үшін сыйақы ұсынып келеді. Әдетте бұл 500 -1000 доллардан аспайды. Алайда қомақты қаржы берілмеген.
Бұған дейін Chromebook-ті бұзу үшін корпорация 50 мың доллар ұсынған. Алайда бір жылда Google платформасының кемшін тұсын тапқан ерікті хакерлер болмады. Енді компания бұл соманы екі еселеді. Себебі бұрын бейқамдық танытқан мамандар енді ынталана түседі деген ой бар.