Таныстырылым кезінде компания өкілі құрастырушылар операциялық жүйеге жүздеген оң өзгеріс енгізгенін айтты. Пайдаланушылар ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында «Android M»-ге қол жеткізе алады.
«Android» операциялық жүйесінің бірінші нұсқасы 2008 жылы шыққан. Ол түрлі мобильді құрылғыларда пайдаланылады. «Android»-тың басты бәсекелесі - Apple-дің «iOS» бағдарламасы.