Google қызметкерлері жапондық провайдерлердің IP-мекен-жайларын дұрыс белгілемеген. Соның салдарынан жапон пайдаланушыларына келуге тиіс болған трафик Google серверлеріне аударылған.
Техникалық кілтипан бір сағаттың ішінде жойылды, алайда интернет желісінің іске қосылмай қалғандығынан қиындық туындағаны соншалық, жапондықтардың интернетке қатысты барлық салаларына: банк, үкімет порталдары және онлайн-дүкендер мен әлеуметтік желілердің жұмысына кесірін тигізді. Аталған мәселеге байланысты Жапония ІІМ-і тексеру жұмыстарын бастады.