Google Maps фотосуреті Испаниядағы кісі өлтіру қылмысын ашуға көмектесті

Фото: Google Maps

АСТАНА. KAZINFORM - Испанияның Сория провинциясында полицейлер кубалық азаматтың жоғалып кетуіне қатысы бар деген күдікпен екі адамды ұстады, деп жазады Euronews.

Тергеу барысында агенттер Google Maps сервисінен алынған фотосуретті дәлел ретінде пайдаланған. Онда әлдекімнің көлігінің жүксалғышына адамға ұқсас жүк тиегені көрсетілген. Сурет шағын халқы бар Тахуэко муниципалитетінде түсірілген.

Ұсталғандар жәбірленушінің серіктесі және оның бұрынғы сүйіктісі болған әйел. Олар 12 қарашада ұсталды.

Ер адамды туысының өткен жылдың 23 қарашасында жоғалып кеткенін хабарлаған. Ол із-түзсіз жоғалған туысының атынан хабарлама алып тұрған, бұл оның күдігін тудырды.

Тергеу барысында із-түзсіз жоғалған ер адамға ұқсайтын адамның мәйіті табылды. Ол Сория провинциясындағы Сентенера де Андалус муниципалитетіндегі зираттан, жерастынан табылған. Бұл үшін заманауи техникалық құралдар қажет болды, дейді Ұлттық полиция өкілдері.

Осыған дейін Алматыда бейнебақылау жүйесінің арқасында қылмыс азайғаны туралы хабарладық.